Қазмұнайгаз

"ҚазМұнайГаздың" басшысы ауысты. Айдарбаев кетіп, Есқазиев келді

Бек ТӨЛЕУОВ

Алик Айдарбаев / Құрманғазы Есқазиев

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаевтың өкілеттігі өзі берген өтініш бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Оның орнына төрағаның міндетін атқарушы болып Құрманғазы Есқазиев тағайындалды, деп хабарлайды Экспресс К.

Құрманғазы Есқазиев В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының (қазір Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті) мұнай факультетін геолог-тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1985 жылы "Эмбанефть" өндірістік бірлестігінде оператор-коллектор болып бастаған.

2008 жылдан бастап 2015 жылға дейін "ҚазМұнайГазда" мұнай және газ өндіру жөніндегі атқарушы директор, геология, геофизика және резервуарлар жөніндегі басқарушы директор, бас геолог, басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

2015 жылдың қыркүйегінен 2018 жылға дейін — "Ембімұнайгаз" АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы), "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы).

2018-2020 жылдар аралығында "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасының барлау, өндіру және мұнай сервисі жөніндегі орынбасары, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасының геология және барлау жөніндегі орынбасары болып қызмет етті.

2020 жылдан бастап "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы).

2022 жылдың ақпанынан "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары болды.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров