Қылмыс

Арқалықта әйел өз туысын пышақтап өлтірді

Дос ҚҰРМАШҰЛЫ

Pixabay

Қайғылы оқиға қала маңындағы Новый кентінде болған.

Ақпаратты облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Экспресс К.

35 жастағы әйел жанжал кезінде 45 жастағы туысқанының жүрек тұсынан пышақ сұғып алған. Ауыр жараланған адам оқиға орнында көз жұмды. Полицейлер күдіктіні ізін суытпай ұстады. Қазір ол уақытша ұстау қапасына қамалды,

— деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

ҚР ҚК 99-бабы ("Кісі өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүдделері үшін басқа ақпарат жария етілмейді.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда жас келіншектің 10-шы қабаттан секіріп кеткені туралы жазған едік.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров