Қаңтар трагедиясы

Қаңтардағы қақтығыстарға ең белсенді қатысқандардың бірі - "Дикий Арман"

Аян АМАНГЕЛДІҰЛЫ

©AP/Yan BLAGOV / instagram.com/armandzhumageldiev

Бас прокуратураның 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов Қаңтар қасіретіне қатысы бар қылмыстық топтарды атады.

Оның айтуынша, сол кездегі жаппай тәртіпсіздіктерге 12 қылмыстық топ қатысқан. Қазір олардың 23 мүшесі ұсталған, деп хабарлайды Экспресс К.

Қаңтар кезіндегі жаппай тәртіпсіздіктерге 12 ұйымдасқан қылмыстық топ қатысқан. Олардың ішіндегі ең белсенділері — "Дикий Арман", "Қазақстандықтар" және "Айшуақ-Жантүгел" топтары. Ұйымдасқан қылмыстық топтардың 23 мүшесі және 4 авторитеті бар,

— деді Елдос Қилымжанов.

Оның айтуынша, қылмыстарды ұйымдастырып, оған қатысқандарды анықтау және жауапқа тарту үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Тәртіпсіздікті ұйымдастыру және қатысу бойынша 547 адам күдікті ретінде танылып, 269-ы қамауға алынған.

Біз бұған дейін қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қылмыскерлердің подполковникті өлтіріп, ізін жасыру үшін мәйітті өтрегені туралы жазған едік.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров