Шоу-бизнес

"Ақша бар, дауыс жоқ!" Тұрсынбек Қабатовтың әйелі ән айтамын деп сынға ұшырады

Серікқазы АЯЗБАЕВ

Тұрсынбек Қабатов / Мөлдір Мұқанова / Жеке мұрағат

Әлеуметтік желіге авторлық әнін жүктеген Тұрсынбек Қабатовтың келіншегі көптің сынына ұшырады.

Экспресс К тілшісі осыдан кейін танымал әзілкештің әйелімен тілдескен еді.

ЕСКЕРТУ: Материалды редакцияның рұқсатынсыз көшіріп басуға тыйым салынады!

Мөлдір Мұқанованың алғашқы әні ана туралы. Бастапқыда отандық жобаға арнайы жазғанымен, кейін кәсіби студияда өңдеп, тіпті музыкалық сайттарға салған. Бірақ желі қолданушылары Тұрсынбектің жұбайы шырқаған әнге кереғар пікір білдіріп, вокалдық қабілетіне сынап тастаған.

Тұрсынбек Қабатов / Мөлдір Мұқанова / Жеке мұрағат

"Бәрі әнші, әйтеуір, шетінен", "Мүлдем дауыс жоқ, өлең айтпай-ақ қойыңызшы", "Енді ән айтуың ғана қалды", "Ақшасы бар, дауысы жоқ", "Қазір әнші емесі де әнші болып кетті ғой. Аты шықса болғаны. Елді ақымақ қылмай жанды дауысыңызды елге көрсетіңізші", "Әншілік кез келгені кіріп шыға беретін "проходной двор" болып кетті ғой. Шымшық сойса да, қасапшы сойсын", — деп жазды желідегі жұрт.

Мұндай сыни пікірлерді Мөлдір Мұқанова да оқыған. Бірақ көптің сөзіне мән бермейтінін ашық айтты.

instagram.com/moldir.mt

"Мен жағымсыз жазбаларға еш қарсы емеспін. Әркім өзінің ойындағы дүниені жазады. Мен де пендемін. Кейде мен де біреудің жасап жатқан жұмысына сын айтуым мүмкін. Айтпасам да, іштей ойлауым мүмкін. Сөздің шыны керек, әлеуметтік желіні қопарып мына жақта не жазылды екен, ана жақта не жазылды екен деп аңдып отырған жоқпын. Жақсы тілек жазғандарға рахмет айтамын. Теріс пікір жазғандарға еш ренішім жоқ", — дейді Тұрсынбектің келіншегі.

Мөлдірдің әншілік қадамы халықтың көңілінен шықпаса да, Тұрсынбекке қатты ұнағанын айтады.

instagram.com/moldir.mt

"Тұрсынбек әнді тыңдап көрді де: "Тамаша ән екен. Маған да жіберіп қойшы, көлікте тыңдап жүрейін. Арасында мен де айтайын" деп ұнатып қалды. Үйде отырып күнде тыңдаймыз. Әнді тек әншілер айту керек деген ереже жоқ. Біздің де жүрегімізде сайрап тұрса адам ретінде ән айтуға құқығымыз бар шығар. Мен осыдан кейін тағы да әндер шығаруым мүмкін. Айтқым келген әнді айтуым мүмкін", — деп сөзін түйіндеді Мөлдір Мұқанова.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров