Секс

Қазақ еркектерінің төсек қатынасында жиі жіберетін 10 қателігі

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Pexels

Төсек қатынасынан ләззат алу ерлі-зайыптылардың екеуіне де тікелей байланысты. Себебі жыныстық қатынас кезінде ер де, әйел де белсенді болса, дер кезінде тояттана алады. Ал төсекте жіберілетін қателіктер туралы не білеміз?

Уролог-андролог Есенай Сырымұлы Экспресс К тілшісіне қазақ еркектерінің төсек қатынасында жиі жіберетін 10 қателігін айтып берді.

Есенай Сырымұлы/Жеке мұрағатЕсенай Сырымұлы/Жеке мұрағат
Есенай Сырымұлы/Жеке мұрағат

Дәрігер бұл тізім кеңес сұраған пациенттер мен әлеуметтік желіде проблемасын жеткізген әйелдердің айтуымен жасалғанын жеткізді. Осы ретте маман ерлер қауымын жыныстық қатынас кезінде сауатты болуға шақырды. Өйткені секс әйелдің көңілінен шықпаса, ондай нәзік жандар күйеулерінен қашқақтауды жиілетеді.

1-қателік: Кей еркектер жуынуға ерініп, әйелімен бола салғысы келеді. Кейбірі жұмыстан шаршап келіп, ертерек тірлігін бітіргісі келіп тұрады. Дәрігер қатынасқа түспес бұрын бірінші кезекте тазалық сақталғаны абзал екенін алға тартты. Өйткені интимдік қатынас кезінде ердің үстінен шыққан жағымсыз иіс әйелдің төсекке деген құштарлығын жойып жіберуі мүмкін. Қарапайым ғана гигиеналық талаптарды сақтамау, яғни қырынуды құптамау көп әйелге ұнамайды.

2-қателік: Жыныстық сауатсыздық. Тіпті 40-45 жастағы еркектердің кейбірінің жыныстық сауаттылығы, қабілеттілігі, фантазиялары өте төмен болады. Ондайлар поза ауыстыру дегенді білмейді. Бұл — төсек қатынасындағы өрескел қателік.

PixabayPixabay
Pixabay

3-қателік: Аймалауды, қоздыруды білмейді. Кейбір еркектер өзі қатынасқа түсуге дайын болса, жеткілікті деп ойлайды. Негізі, ер азамат төсек қатынасына түспес бұрын 15-20 минуттай әйелді аймалап, секске дайындап алғаны жөн.

4-қателік: Әйелдің омырауын қайта-қайта ұстап, мыжғылай берудің қажеті жоқ. Дәрігердің пікірінше, көп еркекте әйелдің көкірегін ұстаса, қозады деген жаңсақ пікір қалыптасқан.

5-қателік: Құлақты тістеу немесе сүю, үру көптеген қыз-келіншектерге ұнайды. Әйелдің эрогендік зоналарын білмеу — еркек үшін үлкен қателік.

PxherePxhere
Pxhere

6-қателік: Кей еркектер әйелдерінен оралды секс сұрап жатады. Алайда көп әйелдер минет жасауды құп көрмейді. Егер төсектегі серігіңіз қалағаныңызды орындағанын қаласаңыз, алдымен өзіңіз әйеліңізді оралдық тұрғыдан қоздыру керексіз. Сол кезде сіздің де жыныс мүшеңізді аймалап береді.

7-қателік: Әйелдің қалауын сұрай білу және оны орындау қажет. Көп жағдайда еркек өзіне ыңғайлы позаны құп көреді де, сонымен қатынасты бастап, аяқтайды.

8-қателік: "Бітірдің бе?" деп сұрау еркектер үшін өрескел сын. Ләззат алған әйелді еркектің өзі сезінуі керек. Өйткені әйел адамның оргазм алғаны анық байқалып тұрады. Сондықтан еркек орнынан тұрып кетуге асықпағаны жөн. Дәрігердің айтуынша, көп еркектерде төсек қатынасы кезінде эгоизмдік қасиет көп екен.

9-қателік: Төсекте жалқаулық таныту — ер азаматтар үшін негізгі қателіктердің бірі. Кей еркектер жалқаулыққа салынып, қимылдауға ерінеді. Әйелі ептеп алып кетеді деп ойлайды. Ал шын мәнінде төсекте ер мен әйелге бірдей физикалық күш түскені жөн екен. Бұл ретте позаны жиі ауыстыруды басты назарда ұстаған абзал.

PixabayPixabay
Pixabay

10-қателік: Кей еркектер оргазм алу дегенді тек бел босату деп қабылдайды. Өз шаруасын бітіріп болған соң орнынан тұрып, әрмен қарай душқа түсіп, шылымын шегуге кетіп қалатындар бар. Секстен соң төсектен бірден тұрып кетуге тырыспаған жөн. Әйеліңізді құшағыңызға алып, сүйіңіз. Жылы сөздеріңізді аямаңыз.

Сондай-ақ Есенай Сырымұлы ер азаматтардың шаңырақ көтермей тұрып, сексологиялық курстардан өткені дұрыс деп отыр.

"Ер азаматтар үйленбей жатып жыныстық қатынастың мәдениетін, алгоритмін үйренетін сауат арттыру курстарынан өтуі керек деп санаймын. Мәселен, алғашқы неке түнінде не істеу керек? Алғашқы түндегі қорқыныш, үрейді қалай басу керек? Бізде мүшеқаптың өзін дұрыс кие алмайтын еркектер бар. Меніңше, мұның бәрін жоғары оқу орнының білім беру бағдарламасына арнайы пән етіп енгізіп, студенттердің сауатын арттырған дұрыс. Кей еркектер қатынасқа түсуге ерініп, мастурбация жасап қолмен бітіреді. Оның зиянды тұстары да бар. Сол үшін сексологиялық тұрғыда білімді жетілдіру керек деп ойлаймын", — дейді дәрігер.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров