Қалың мал

"Қалыңмалды ұялмай сұрайды". Әжей немересіне батыстың қызын алуға кеңес берді

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде әжей мен немересінің әр облыстағы қыздардың қалың мал құнын талқыланған сәтінен бейнежазба тарады.

Әжесі оңтүстік аймақтарда тұратын қыздардың қалың малы тым қымбат екенін айтады, деп хабарлайды Экспресс К.

Оның сөзінше, әсіресе Қызылорданың қыздары қалың малға өте көп ақша сұрайды. Оңтүстіктегі қыздардың қалың малы тіпті 1 млн теңгеге дейін барады дейді әжей. Ал олармен салыстырғанда батыстың қыздары тегін келетінін айтады.

Атыраудың қыздары ондай ақша сұрамайды. Не әкеледі, соны алады. Ал аналар біліп отыр ғой бай жерді. Саған әшейін келетін Атырау, Ақтөбенің қыздары,

— дейді әже бейнежазбада.

Сондықтан батыстың қызын алу керек деп өз кеңесін береді немересіне. Ал немересі әжейдің өзі келін болғанда "сізге қанша қалыңмал төледі?" деп сұрақ қояды. Ал әжей тегін келгенін айтып немересін күлкіге қарық қылады.

Әжесі мен немересі арасындағы ерекше диалог әлеуметтік желі қолданушыларына да қызық болған сияқты.

"Шынымен оңтүстіктің қыздары өте қымбат. Неге екен?" ,"Қалың мал беру салт қой. Әр елдің салты басқа деген",

— деп жазды пікір білдірушілер.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров