Қайғылы оқиға

Елордада қаржы пирамидасына 20 миллион теңге салған әйел өзін-өзі өртеп жіберді

Экспресс К

Видеодан кадр

Mudarabah Capital қаржы пирамидасына миллиондап қаржы салған салымшылар ақшаларын қайтара алмай әлек.

Салымшылар Ішкі істер министрлігіне бармақ болған кезде әйелдердің бірі өзіне өзі өрт қойды, деп хабарлайды Экспресс К Instagram-дағы парақшаға сілтеме жасап.

Пирамидаға 20 миллион теңге салған әйел ІІМ ғимаратының жанында өзін-өзі өртеп жібермек болды. Оқиға орнында болған полиция қызметкерлері қызыл жалында өрт сөндіргішпен өшіріп үлгерді.

Экспресс К бұған дейін қазақстандық вайнерлер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Әзімжан Саидбаевтың олардың қаржы пирамидасын құрып, басқарағаны үшін айыпталғанын жазған. Алайда блогер Төребаев мұнымен келіспей, елдің назарын бұру үшін жасалған дүние екенін айтты. Кейін ол қаржы пирамидасының тең иесі болғанын мойындады.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров