Суға батты

Шымкентте мал іздеуге шыққан әйелдің өлі денесі табылды

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Видеодан кадр

Шымкентте күндізгі уақытта үйінен мал іздеуге шыққан әйелдің мәйіті табылды.

45 жастағы әйел 10 сәуір күні үйінен шығып, хабарсыз кеткен, деп хабарлайды Экспресс К.

Құтқарушылар әйелдің денесін 11 сәуір күні Жыланбұзған тұрғын үй алабы аумағынан өтетін каналдан алып шықты.

Құтқару қызметіне 10 сәуірде сағат 22:08-де жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түскен. Әйелдің туыстарының болжамы бойынша ол суға түсіп кеткен.

"Оқиға орнына жедел-құтқару жасақтың құтқару бөлімшесінің қызметкерлері шұғыл түрде жетті. Суда іздестіру жұмыстары Жыланбұзған ауылының аумағынан ағып өтетін ені 3 метр, тереңдігі 2-2,5 м құрайтын суармалы каналда жүргізілді. Құтқарушы-сүңгуірлер іздестіру жұмыстарын үздіксіз жүргізіп, 11 сәуірде сағат 12.15-те 1977 жылы дүниеге келген әйел адамның денесін судан алып шықты",-деді Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.

Төтеншеліктердің мәліметінше, мәйітті іздеу жұмыстарына ТЖД жедел-құтқару жасағының 11 маманы мен Полиция департаментінің 10 қызметкері, жергілікті ауылда тұратын 30 ерікті жұмылдырылған.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров