Ұлттық банк

Ұлттық банк шетел валютасын сатып алу кезіндегі ауытқу шегін белгіледі

Экспресс К

©️ЭК/Андрей ХАЛИН

Ұлттық банк доллар мен еуроны теңгеге сатып алу- сату бағамынан ауытқуының белгіленген шек мөлшерін бекітті.

Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.

Құжатпен уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың айырбастау пунктері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша қолма-қол шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегінің рұқсат етілетін мәндері бекітілді.

Шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқуының белгіленген шек мөлшері 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылу мерзімімен АҚШ доллары үшін — 15 теңге, еуро үшін — 20 теңге,

— делінген хабарламада.

Белгіленген шектеулер қолма-қол ақшасыз жүргізілетін айырбастау операцияларына қолданылмайды.

Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Ұлттық Банкінің сайтында танысуға болады.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров