Полиция

Өзін-өзі өртеп жіберген әйелге қатысты полиция түсініктеме берді

Экспресс К

Әлеуметтік желіден

Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахмановтың мәліметінше, Нұр-Сұлтанда ІІМ ғимаратының алдында өзін-өзі өртеп жіберген Бағила Досмаилова бір күн бұрын әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырған.

Mudarabah Capital қаржы пирамидасына 20 миллион теңге салып, сан соғып қалған әйел қазір Нұр-Сұлтандағы аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Экспресс К Рүстем Әбдірахмановтың Telegram-дағы каналына сілтеме жасап.

Бағила Досмаилова жазбада өзінің өліміне "қылмыстық істі жабуға асыққан" Рүстем Әбдірахманов кінәлі деп жазған.

Аталған қылмыстық іс бойынша 14 адам күдікті деп танылып, оның екеуіне халықаралық іздеу жарияланды,

— деді Алматы ПД бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.

Оның айтуынша, алты адам қамауға алынып, үш күдіктіге қатысты кепіл түріндегі бұлтартпау шаралары санкцияланды. Бір адам үйқамақта, енді бірінен ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.

Аталған қылмыстық іске қатысы бар 14 адамның әрекеттері ҚК-тің 272-бабы, 3-тармағы (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету) бойынша саралануда,

— делінген хабарламада.

Рүстем Әбдірахманов қылмыстық істің жақын арада сотқа жіберілетінін және материалдық шығынды өтеу мәселелері сотта қаралатынын атап өтті.

Қиындыққа тап болған әрбір адам эмоционалды күйзеліске түседі,

— деп жазды ол.

Экспресс К бұған дейін қазақстандық вайнерлер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Әзімжан Саидбаевтың олардың қаржы пирамидасын құрып, басқарағаны үшін айыпталғанын жазған. Алайда блогер Төребаев мұнымен келіспей, елдің назарын бұру үшін жасалған дүние екенін айтты. Кейін ол қаржы пирамидасының тең иесі болғанын мойындады.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров