Үкімет

Ономастикалық комиссия жаңа облыстардың атауларын бірауыздан мақұлдады

Экспресс К

Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі 

11 сәуірде Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің жанындағы республикалық ономастика комиссиясының отырысы өтті.

Комиссия еліміздің бірқатар қалаларындағы кейбір мемлекет меншігіндегі нысандар мен көшелердің атауларын өзгертуді ұйғарды, деп хабарлайды Экспресс К Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комиссия отырысында Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Алматы облыстары әкімдіктерінің жаңадан құрылған Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарына атаулар беру туралы ұсыныстары қаралды.

Сондай-ақ, жиын барысында мемлекет меншігіндегі жекелеген нысандарды, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар қалаларындағы көшелерді қайта атау мәселесі сөз болды.

Енді Қазақстанда өз облыс орталықтары бар жаңа облыстар пайда болады. Атап айтқанда, Семей қаласы жаңа Абай облысының орталығына, Жезқазған жаңадан құрылған Ұлытау облысының орталығына айналады, осындай өзгерістер Алматы облысына да қатысты,

— деді министр.

Кез келген қаланы, елді мекенді немесе көшені қайта атау ономастика саласын реттейтін заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылатынын атап өту қажет. Комиссия келіп түскен ұсыныстарды қарайды және қорытынды береді. Оң қорытынды болған кезде қайта атау туралы шешім Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.

Бұған дейін республикалық ономастика комиссиясы Қапшағай қаласын Қонаев деп қайта атау туралы оң қорытынды берген болатын.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров