Құтқарушылар

Петропавлда полиция жардан құлап кеткен бойжеткенді құтқарып қалды

Экспресс К

Видеодан кадр

Заречный кентінің тұрғыны Есіл өзенінің арғы жағасында жатқан адамды байқап қалып, бұл туралы "102" нөміріне хабарласқан.

Петропавлдық полиция мен құтқарушылар жардан құлап кеткен қызды аман алып қалды, деп хабарлайды Экспресс К Солтүстік Қазақстан облысы ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауыл тұрғыны Есіл өзенінің қарсы жағалауында жатқан адамды көріп, 102-ге хабар берді. Полицейлерге адам жатқан орынға апаратын жолды арғы жағада жүрген ауыл тұрғыны айтып отырған.

"Бірнеше минут ішінде биіктігі 30 метр болатын жардан өзен жағасына түстік. Жағада жатқан адам қыз бала екен. Қатты тоңып қалмас үшін оған сырт киімізді жауып, орап, жоғарыға алып шығуға тырыстық. Алай да жағадағы балшықтан аяқ алып жүру қиын болды", — дейді Төлеген Алдабергенов.

Ол болған жағдайды жедел басқару орталығына баяндап, құтқарушылар мен жедел жәрдем шақыртқан.

Құтқарушылар пен полиция қызметкерлері қызды қауіпсіз жерге алып шықты. Осы кезде медицина қызметкерлері де келіп, қажетті көмек көрсетті.

18 жастағы бойжеткен Жеңіс саябағы ауданында жардан құлап кеткен. Абырой болғанда, қыз аман. Жақындарына оралды,

— делінген хабарламада.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров