Ғарышкерлер күні

Бүгін - ғарышкерлер күні

Фархат ӘБІЛОВ

Pixabay

12 сәуір - ғарышкерлер күні. Бұл айтулы дата әлемнің бірнеше елінде қатар тойланады.

Еліміз үшін де бұл мерекенің маңызы зор, деп хабарлайды Экспресс К.

Неге 12 сәуірде тойланады?

1961 жылдың 12 сәуірінде адамзат тарихындағы ең үлкен жаңалық болды. Бұл күні тұңғыш рет ғарышқа Кеңес Одағының ғарышкері Юрий Гагарин ұшты. Ол осы сапарынан кейін әлемдегі ең танымал адам болып, есімі тарих беттерінде қалды. Оның "Кеттік" деген сөзі адамзат дамуының жаңа серпілісінің ұранына айналды. Ғарышкер 108 минут орбитада болып, Жерге қайтты. Тура бір жылдан кейін, Кеңес Одағында 12 сәуір — ғарышкерлер күні болып тойлана бастады.

Қазақстан ғарышкерлері

Қызылорда облысында Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқандықтан, елімізде бұл кәсіби мейрам жоғары деңгейде аталып өтіледі. Әлемдегі ғарышкерлердің қатарында үш қазақ ғана бар — ұлты қазақ тұңғыш ғарышкеріміз Тоқтар Әубәкіров, ғарыш кемесінің командирі болған Талғат Мұсабаев және әзірше соңғы рет ғарышқа ұшқан отандасымыз Айдын Айымбетов.

Тоқтар Әубәкіров — Қазақстанның тұңғыш ғарышкері болғанымен, Кеңес Одағының соңғы ғарышкері атанды. Ол 1991 жылдың қазанында ғарышқа ұшып, бірнеше айлардан кейін Кеңес Одағы құлады. Қазақстанның Генерал-майоры ғарышта жеті тәулік, 22 сағат 12 минут болды.

Тоқтар ӘубәкіровТоқтар Әубәкіров
Тоқтар Әубәкіров

Талғат Мұсабаев — үш рет ғарыш экспедициясына қатысып, бір рет ғарыш кемесінің командирі болды. Ол ашық ғарышқа шыққан тұңғыш қазақ болды. Тіпті ашық космоста ең ұзақ болған адам ретінде тарихта қалды. Ғарышта барлығы 341 күн 9 сағ 48 минут болды.

Талғат МұсабаевТалғат Мұсабаев
Талғат Мұсабаев

Айдын Айымбетов — Қазақстанның үшінші ғарышкері. Ол алғаш рет 1993 жылы ғарышкерлікке өтініш бергенімен, космосқа тек 2015 жылы ғана ұша алды. 2015 жылдың 2 қыркүйегінде екінші бортинженер ретінде Байқоңырдан Халықаралық ғарыш станциясына аттанды. Айымбетов ғарышта он күн болып, маңызды зерттеулер жүргізген болатын. Халықаралық ғарыш станциясынан оралғанда Айымбетовті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі күтіп алды. Ол қазір "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы лауазымында.

Айдын АйымбетовАйдын Айымбетов
Айдын Айымбетов

Байқоңыр ғарыш айлағынан Еуропалық одақ пен Американың және халықаралық спутниктік ұйымдардың ғарыш бағдарламалары орындалады,

— дейді Байқоңыр айлағының экс басшысы Мейірбек Молдабеков.

Қазақстан ғарышқа тек үш азаматын ұшырса, Ресей — 122, ал АҚШ — 343 ғарышкерді ұшырды. Қазір ғарышта 14 адам бар. Олардың жетеуі — АҚШ азаматы, қалғаны үшеуі Ресей Федерациясы, Франция мен Жапонияның ғарышкерлері.

Қазақстанның ғарыштағы жетістіктері

Қазақстанда Жерді қашықтан бақылау жүйесі 2015 жылы іске қосылды. Оған "KazEOSat-1" және "KazEOSat-2" жерсеріктері қолданылады. Оның біреуі алыс ғарышты, бірі ғарыштың жақын кеңістігін бақылауға алады. Жерсерік ғарышта түсірілген суреттерді өңдеп, орталыққа жіберіп отырады. Қазақстанның Жерді ғарыштан бақылау жүйесі ел аумағындағы өзгерістер мен оқиғаларды қадағалап, тәуелсіз мемлекеттік қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік пен экономика саласындағы міндеттер мен мәселелерді шешуге көмектеседі. Еліміздің алғашқы спутнигі "KazEOSat-1" ғарышқа 2014 жылғы 30 сәуірде Куру ғарыш айлағынан (Франция еліне қарасты территория), "KazEOSat-2" спутнигі сол күні Орынбор облысындағы "Ясный" базасынан (Ресей) ұшырылды.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров