Newscorr

Newscorr: Қарағандыда жатақхана өртке оранды

Экспресс К

Видеодан кадр

Қарағандыдағы медицина институтының жатақханасынан өрт шығып, суденттер эвакуацияланды.

Төтенше жағдай кезінде зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге жоқ, деп хабарлайды Экспресс К.

Бейнежазба Экспресс К порталының Newscorr қызметіне келіп түсті.

Видео авторының айтуынша, медицина институтының жатақханасында өрт шыққан. Бейнежазбадан отқа оранған ғимараттың жанында топтасып тұрған жастарды көруге болды. Соған қарағанда олар жатақханадан шығарылған студенттер болса керек. Ғимараттың бірінші қабатындағы терезелерден түтін шығып жатыр. Оқиға орнына өрт сөндіру көлігі де жетті.

Сіздер үшін! Newscorr сервистік қызметі барлық тұрғындарға азаматтық журналистиканың жаңа нұсқасын ұсынады. Мұнда кез-келген азаматтың бізге эксклюзивті фото немесе бейнежазбасын жіберіп, 100 мың теңгеге дейін табыс табуға толық мүмкіндігі бар.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи отырыңыз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров