Үкімет

Қазақстандағы отын-энергетика кешені монополиясызданады

Экспресс К

Рrimeminister.kz

Үкімет үйінде Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен ҚР Үкіметі жанындағы Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Кезекті отырыста мемлекеттік органдардың отын-энергетика кешенін демонополизациялау жөніндегі ұсыныстары қаралды, деп хабарлайды Экспресс К primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Энергетика министрі Болат Ақшолақов қазіргі уақытта Атырау МӨЗ және Павлодар МХЗ-де сұйытылған мұнай газын (СМГ) сақтау парктері мен құю эстакадалары технологиялық тұрғыдан бөлінгенін және жеке ұйымдарға тиесілі екенін айтты. Тұтынушыларға сақтау және құю қызметтері ақылы болғандықтан, газдың бағасы көтеріледі.

Рrimeminister.kzРrimeminister.kz
Рrimeminister.kz

Осыған байланысты Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газын ауыстырып тиеу және сақтау бойынша қызмет көрсететін технологиялық байланыстағы нысандарды мұнай өңдеу зауыттарының балансына қайтару мәселесін пысықтауды ұсынады.

Қазақстанда мұнай өңдеу зауытына мұнай жеткізудің қолданыстағы құрылымы өзгеруі мүмкін. Сондай-ақ Болат Ақшолақов одан өнімсіз делдалдарды алып тастауды ұсынды.

Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия айтылған ұсыныстарды қолдап, бірқатар тиісті тапсырмалар берілді.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров