Данияр Есин

Данияр Есин Қауіпсіздік кеңесіндегі қызметінен босатылды

Экспресс К

Данияр Есин/ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Данияр Нұрашұлы Есин Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің ахуал орталығының меңгерушісі лауазымынан босатылды.

Данияр бұл қызметке өткен жылдың наурыз айында тағайындалған еді, деп хабарлайды Экспресс К.

Мемлекет басшысының өкімімен Данияр Нұрашұлы Есин Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі лауазымынан босатылды,

— деп жазды Ақорда сайты.

Данияр 1981 жылы Қарағанды облысында туған. Еңбек жолын 1998 жылы бастаған. 2016-2018 жылдары — Астана қаласының Дін істері басқармасының басшысы. 2018-2019 жылдары Астана қаласының қоғамдық даму істері басқармасын басқарды. 2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды. 2020-2021 жылдары "Рухани Жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты" КЕАҚ Басқарма төрағасы болды.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров