Әлихан Смайылов

Әлихан Смайылов азық-түліктің қымбаттауына байланысты тапсырма берді

Аян АМАНГЕЛДІҰЛЫ

Pxhere

Наурыз айында Қазақстанда инфляция 8,7 пайыздан 12 пайызға дейін өскен.

Бұл 2016 жылғы қыркүйектен бергі ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды Экспресс К.

Еліміздегі инфляцияның өсуіне азық-түліктің қымбаттауы әсер еткен. Ұлттық банктің мәліметінше, азық-түлік бағасы 10-15,4 пайызға өскен. Бағасы айтарлықтай өскен тауарлар арасында орамжапырақ, қант, картоп және қызанақ бар.

Еліміздегі азық-түлік бағасының өсуіне байланысты Үкімет басшысы Әлихан Смайылов министрлер мен әкімдерге тапсырма берді.

primeminister.kzprimeminister.kz
primeminister.kz

Бізбен көршілес елдердің экономикасына санкциялардың ықпалы күшейе түсуде. Инфляцияны ұстап тұру үшін қажетті құралдар бар. Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер оларды тиімді пайдаланып, бұл мәселені ерекше назарда ұстауы тиіс,

— деді Әлихан Смайылов.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты базардағы бағаны көріп шошыған еді.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров