Араққа сылқия тойып алған қыздар ауладағы демалыс орнына дәрет сындырып кетті


Видеодан кадр
Көйлектерін көтеріп, арттарын күртешелерімен жапқан екі бойжеткен тал-түсте тұрғындар демалатын қоғамдық орынды былғады.
Оқиға Алматыдағы ықшам аудандардың бірінде болған, деп хабарлайды Экспресс К.
Newscorr-ға жолданған видеода көпшілікке арналған демалыс орнында екі жігіт, екі қыз — төрт адамның шүйіркелесіп тұрғаны байқалады. Жастары жиырманың ар жақ бер жағындағы төртеудің мас екені анық көрініп тұр.
Ал екі қызды дәрет қысса керек. Жігіттермен ақылдаса бастады. Ал жігіттері тығырықтан шығудың ең оңай жолын ұсынды. Ешкімнен қымсынбастан екі бойжеткен көйлек-көншектерін шешіп отыра кетті. Ал жігіттің бірі олардың әбүйірін жауып, арт жақтарын күртешелерімен жауып қойды.
Оқи отырыңыз:
Бейнежазба авторы: ардан безгендер тіпті жан-жақтарына қарап, әжетхана, болмаса қалқа боларлық жер іздеуге де тырыспады дейді.
Еске салсақ, мұндай қоғамдық тәртіпті өрескел бұзушыларға заң бойынша 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады болмаса 15 тәулікке дейін қамауға алынуы тиіс.
Экспресс К бұған дейін Алматыда ер адам үй подъезіндегі сәби арбасына шаптырып кеткеткендігі және "Жұрттың көзінше дәрет сындырады". Шымкентте аялдамада түнейтін бомждар елді шошытқаны туралы да жазған болатын.
Сіздер үшін! Newscorr сервистік қызметі барлық тұрғындарға арнап азаматтық журналистиканың жаңа нұсқасын ұсынады. Мұнда кез-келген азамат бізге эксклюзивті фото немесе бейнежазбасын жіберіп, 100 мың теңге ге дейін табыс табуға толық мүмкіндігі бар.
Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи отырыңыз.
Бөлісу