Іздеу
Қостанайда із-түссіз жоғалған жігіт өлі табылды


ПД баспасөз қызметі
21 жастағы Мейірбек Жарылғасыновқа 17 наурыздан бастап іздеу салынған еді.
Оның денесін Қостанай тұрғыны "Текстильщик" саяжай қоғамы аумағынан тауып алған, деп хабарлайды Экспресс К.
"Денеде зорлықпен өлтіру белгілері жоқ. Сараптаманың алдын ала болжамы бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін", — деп мәлімдеді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Қазіргі уақытта суицид жағдайы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Оқи отырыңыз:
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда жас келіншектің 10-шы қабаттан секіріп кеткені туралы жазған едік.
Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.
Бөлісу