Newscorr

Талдықорғанда автотұраққа қойылған көлік өртеніп кетті

Экспресс К

Видеодан кадр

Алматы облысының орталығындағы ықшам аудандардың бірінде тұраққа қойылған автокөлік отқа оранды. Оның дәл қасында тағы 4 жеңіл автокөлік тұрған.

Көліктер көпқабатты үйге өте жақын қойылған, деп хабарлайды Экспресс К.

Newscorr-ға жолданған видеода үй алдындағы автокөлік жанып болуға жақын қалған. Машинаның жанып жатқан қаңқасын өрт сөндірушілер өшіріп үлгерді.

Бейнежазба авторының айтуынша, өртенген машинаның қасында тағы да төрт көлік болған. Ал автотұрақ пен көпқабатты тұрғын үйдің ара қашықтығы 1 метр ғана. Егер өрт сөндірушілер келіп үлгермегенде тұрғынүйге де өртену қаупі төнгендей екен.

Бұл оқиға бойынша Алматы облысының ТЖД ресми өкілі Азамат Жұртбаев Экспресс К тілшісіне жауап берді. Оның айтуынша өртке көліктегі электр желілерінің зақымдануы себеп болған. Нәтижесінде автокөлік толықтай жанып кетті. Ал оқиға орнында зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

Сіздер үшін Newscorr сервистік қызметі барлық тұрғындарға арнап азаматтық журналистиканың жаңа нұсқасын ұсынады. Мұнда кез-келген азамат бізге эксклюзивті фото немесе бейнежазбасын жіберіп, 100 мың теңге ге дейін табыс табуға толық мүмкіндігі бар.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи отырыңыз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров