Тамара Дүйсенова

"Демалмадым". Тамара Дүйсенова өзіне 1 ай уақыт беруді сұрады

Аян АМАНГЕЛДІҰЛЫ

Тамара Дүйсенова

Екі күн бұрын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалған Тамара Дүйсенова қызметі туралы пікір білдірді.

Осы қызметке үшінші рет келген шенеунік министрліктен кеткеннен кейін "демалмай, жұмыс істегенін" айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

2018 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сол кездегі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың тірекеуіне қатысты сынап, "Министр Тамара Дүйсеноваға көп рет айттым ғой. Не болды, айтшы? Әлде шаршадың мына жұмыстан?" деген еді. Сол кезде Үкіметтен кеткен шенеунік осы уақытқа дейін немен айналысқаны туралы жауап берді.

Құрметті БАҚ өкілдері, маған уақыт беріңіздер. 1 айдан кейін алдарыңызға шығып, барлық қажетті сұрақтарға жауап беремін. Демалысқа қатысты айтсам, мен әрдайым жұмыс істеп келдім,

— деп қысқа қайырды министр.

Біз бұған дейін еңбек пен әлеумет сияқты жауапты салаға келген Тамара Дүйсенова 4 жылда қандай қызметте жұмыс істегенін жазған едік.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров