GGG
Жойқын соққысын сол кезде үйренген: Головкиннің жас кезіндегі видеосы жарияланды


Видеодан кадр
Әлеуметтік желіде қазақстандық кәсіпқой боксшы Генадий Головкиннің 2001 жылғы жаттығулары түсірілген бейнежазба тарады. Сол кездің өзінде GGG-дың юниорлар арасында әлем чемпионы деген атағы бар болатын.
Видеода Головкиннің ұзақ жылдардан кейін брендіне айналатын әйгілі соққысын игеру сәті бейнеленген, деп хабарлайды Экспресс К


©AP/Frank FRANKLIN II / Қазақстандық Геннадий Головкин 2019 жылы 8 маусымда Нью-Йоркте өткен супер орта салмақтағы бокс кешінің төртінші раундында канадалық Стив Роллсты жұдырықтады
Бейнежазба Қарағанды қаласында Әлия Молдағұлова атындағы спорт-интернатта түсірілгенге ұқсайды. Онда Генадий Головкин өзі секілді жас спортшылармен бірге жаттығу өткізуде. Бапкері боксшыға білгенін үйретіп, ақыл-кеңесін беріп жатыр. Жап-жас Головкиннің қимылы ширақ, қозғалысы жылдам. 19 жастағы Гена сол жылы Шығыс-Азия ойындарын жеңіп алған болатын.
Биыл Генадий Головкин 40 жасқа толды. Тоғызыншы сәуірде ол жапондық Риото Муратамен кездесіп, тоғызыншы раундта нокаутпен жеңген еді.


instagram.com/gggboxing
Оқи отырыңыз:
Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.
Бөлісу