Кәрімовтың немересі атасымен түскен суреті арқылы айналасындағыларды жылатты


instagram.com/iman.k17
Иман Кәрімова әлеуметтік парақшасында атасымен түскен суреттерін жүктеп, сағынышын білдірді.
Оның бұл естелігіне оқырмандарының көңілі босап кеткен, деп хабарлайды Экспресс К.
Өзбекстан Республикасының экс-президенті, 2016 жылы өмірден озған Ислам Кәрімовтың немересі Иман Кәрімова естелік суретті Instagram-дағы парақшасында жүктеген. Фотода інісі мен өзінің балалық кезеңін көруге болады. Тіпті атасының "Иман әрдайым бақытқа жетелейтін бағытты көрсетуші еді" деген қолжазбасын да байқайсыз.


Иман Кәрімова Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Кәрімовтің үлкені Гүлнараның қызы. Содан болар оқырмандары оның бұл естелігіне қайғыра көңіл айтып, басшыларына сағынышын білдіруде.


"Сен біздің тұңғыш президентіміздің ең лайықты ұрпағысың". "Ол халқымыздың ұлы тұлғасы еді". "Президентіміз мәңгі жүрегімізде". "Ислам ағамызды көрсек, үнемі көзімізге жас тығылады. Бұл өмірге қайта келсе қатты қуанар едік",
Оқи отырыңыздар:
Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.
Бөлісу