Петропавл

Әкім Петропавл мен Павлодар атауларын өзгертуге қарсы ма?

Фархат ӘБІЛОВ

Әлеуметтік желіден

Аслан Сырымұлы есімді қазақстандық Петропавл мен Павлодар қалаларының атауларын Қызылжар мен Ертіс деп өзгертуге петиция жариялады.

Әлеуметтік желіде жарияланған петицияға Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков жауап берді, деп хабарлайды Экспресс К.

"Қызылжар көп қазаққа арман жерсің, Керейде Толыбай сыншы туын тігіп, Атыңды "Қызылжар" деп бабам қойған" деген өлең шумақтары бар. Ал Толыбай сыншы ХVІІ ғасырда өмір сүрген адам. Бертінірек Қызылжар қонысын Атығайдың Дәулетәлі деген байы мекен еткенін Сәбит Мұқанов жазды. "Әулие Петр" (Петропавлдың алғашқы атауы) қорғаны болса тек ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында салына бастап, 1770 жылы ғана аяқталған. Сол себепті бұл жерде жер атауы болмаған деген шындыққа жараспайды, — деп жазылған петиция мәтінінде.

ERTIS — "Jebe" қоғамдық бірлестігі Павлодар қаласының атауын Ертіс деп өзгеруін ұсынып отыр. Автордың айтуынша, бұрыннан көшпелі қазақ Павлодар облысын Ертіс-Баян өңірі деп атап келген. Ол тіпті мынадай қызық мысал да келтіреді: Қазіргі таңда қалада ескі атауды жаңғыртуда — ақпараттық холдинг "Ертіс-Медиа", облыстық "Ертіс" телеарнасы және Олимпиадалық бассейнмен заманауи мультимедиалық музей "Ертіс" деп аталады.

Үш күн бұрын жарияланған петицияға 26758 адам қолдайтынын айтып, қол қойған. Алайда Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабековтің айтуынша, қазір қаланың атауын өзгерту туралы сұрақ қаралып жатқан жоқ.

Бұл петицияны жеке тұлға мемлекеттік емес сайтта жасағанын атап өткім келеді. Мемлекеттік органдардың бұл бастамаға қандай да бір қатысы жоқ. Қала әкімдігінің күн тәртібінде қайта атау туралы мәселе көтерілмегенін ресми түрде мәлімдегім келеді. Бұл мәселе туындаған жағдайда да, оны қарау біздің қаламызда тұратын халықтың пікірін ескере отырып, елдің ономастика саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізілетін болады, — деді әкім.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров