Newscorr

Төбеден төнген әскери ұшақтар Абай қаласы тұрғындарының зәресін ұшырды

Экспресс К

Видеодан кадр

Жер бауырлап ұшқан ұшақтарды жергілікті халық шетелдік әскери техника деп ойлап қалған. Өйткені әскерилер бұған дейін халық көп шоғырланған аумақтарға жақын ұшпайтын болған.

Қала үстінде қалықтап жүрген бұл әскери ұшақтар еліміздің Әуе қорғанысы күштеріне тиесілі, деп хабарлайды Экспресс К.

Newscorr-ға жолданған видеода қала үстінде ұшып жүрген әскери ұшақтарды көруге болады. Бірақ бұл ұшыс бұрынғыдан өзгерек. Әскери техникалар көк аспанда түрлі ұшу тәсілдерін көрсетіп, тіпті елдімекендердің үстіне тым жақын келген.

Еске салсақ, тұрғындар қорқатындай ештеңе болған жоқ. Өйткені, қазір еліміздің барлық әскери күш құрылымдары көктемгі оқу-жаттығуларын өткізіп, дайындықтарын пысықтап жатыр.

Ал Абай қаласының тұрғындарын шошытқан ұшақтар да Қарағанды қаласы маңындағы Әскери әуе күштеріне қарасты бөлімшенің кезекті оқу-жаттығу шаралары болатын.

Сіздер үшін Newscorr сервистік қызметі барлық тұрғындарға арнап азаматтық журналистиканың жаңа нұсқасын ұсынады. Мұнда кез-келген азамат бізге эксклюзивті фото немесе бейнежазбасын жіберіп, 100 мың теңге ге дейін табыс табуға толық мүмкіндігі бар.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи отырыңыз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров