"Екінші әйелі ме?" Қайрат Нұртас анасының туған күнінде өзге арумен көзге түсті


Видеодан кадр
Әр қадамы жұрт назарынан тыс қалмайтын Гүлзира Айдарбекова тағы да елдің аузында.
Бұл жолы атышулы продюсердің туған күн кешінде бейтаныс келіншекпен көзге түскен Қайрат Нұртас қазнетте қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Экспресс К
ЕСКЕРТУ: Материалды редакцияның рұқсатынсыз көшіріп басуға тыйым салынады!
12 сәуірде Гүлзира Айдарбекова 54 жасқа толды. Ең жақын туыстары мен құрбылары түн ортасында продюсерді құттықтап келген. Бұл тізімде Қайрат Нұртас та бар. Танымал әншінің анасына айтқан жүрекжарды тілегі көпті жылатты.


Қаншама қиыншылықтарда қасымда болып, жол көрсеттіңіз. Менің түсінгенім, соңында қасыңда қалатын тек анаң екен. Анашым, егер ренжіткен кезім болса, қателескен кезім болса кешіріңіз,
Оқи отырыңыз:
Бір қызығы, анасының туған күніне Қайрат жалғыз келмеген. Әнші жігіттің жанында бейтаныс келіншекті байқаған желідегі жұрт бірден сауалдарын жолдап жатыр.
"Сары спортивкадағы Қайраттың екінші әйелі ме?", "Жұлдыз тағы жоқ", "Жұлдыз құттықтауға келмепті", "Гүлзира ханым, жүдеп кетіпсіз. Ішіңізде уайым бар сияқты ғой. Екеуі екі жақта жүргеніне Қайрат үшін алаңдайтын сияқтысыз", "Қайратты Жұлдыздың, бала-шағасының қасында көрсек деген тілегім бар. Ата-ананы ешкім жанына байлап жүре алмайды. Отбасынан бөлек жүруі дұрыс емес. Кешіріңіз", — деп жазды инстаграм қолданушылары.


Айта кетейік, Гүлзира Айдарбекованы екі кіші келіні туған күнімен құттықтағанымен, Жұлдыз Әбдікәрімова әзірге әлеуметтік желіге енесіне арналған ешқандай жазбасын жариялаған жоқ.
Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.
Бөлісу