GGG

Мұсылманша амандасқан Головкин жанкүйерін қарапайымдылығымен тәнті етті

Есен ҮРКІМБАЙ

Видеодан кадр

Геннадий Головкиннің Риота Муратаны жеңгеннен кейін жанкүйерлерінің бірімен бокс кеші өткен сарайдың дәлізінде ұшырасып қалған бейнежазбасы жарияланды. Онда кәсіпқой боксшы қарапайымдылығымен көпшілікті тәнті етті.

Геннадий Головкин Жапониядағы жеңісінен кейін жеке кездескен жанкүйерін қуантты, деп хабарлайды Экспресс К.

Күншығыс елінде өткен бокс кешінде жеңіске жеткен Геннадий Головкин аса қарапайымдылығымен көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді. Жекпе-жектен кейін ұзын дәлізде келе жатып жанкүйерімен ұшырасып, оның өтінішіне бірден келісім берді.

"Әрине фотоға түсуге болады. Давай! Давай", — дейді боксшы ұсыныс білдірген жанкүйеріне.

Бұдан бөлек Головкиннің "ассалаумағалейкүм" деп амандасқан жанкүйерге "уағалейкүмассалам" дегені де талқыға түсті.

"Кез келген табыстың бастауында қарапайымдылық тұрады", "Танымал болғаны қарамастан кішіпейіл", "Жанкүйер болмаса спортшы жетім", "Не деген қарапайым адам", "Гена мұсылманша амандасты" деп пікір білдірді.

Головкин 9 сәуір күні жапониялық Риота Муратамен кездесіп, жеңіске жетті. Ол оған дейін IBF, IBO тұжырымдары бойынша чемпион атанған. Муратоны жеңген соң оған тиесілі WBA Super белдігіне ие болды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров