Ресей

Бір айда 14 мың Ресей азаматы Қазақстаннан ЖСН алды

Фархат ӘБІЛОВ

Pxhere

Биыл Жеке сәйкестендіру нөмірін алған Ресей Федерациясы азаматтарының саны бірден 14 есеге өсті.

Санкцияға ұшыраған Ресейдің азаматтары елімізге келіп, жаппай ЖСН рәсімдеп жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, өткен жылы 14 717 Ресей азаматы ЖСН нөмірін алса, ал жыл басталғалы 12840 ресейлік ЖСН алып үлгерген. Демек жыл соңына дейін олардың саны бірнешеге есеге өседі.

Ресейліктер ЖСН-ді наурыз айында жаппай ала бастаған. Егер өткен жылдың наурызында ЖСН-ді тек 783 адам ғана алса, биыл наурызда 10995 адам ЖСН иеленген. Яғни көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 14 есеге көп.

Қазақстандықтар ЖСН-ді дүниеге келген кезде автоматты түрде алады. Ал өзге елдің азаматтары елімізге келмей-ақ, сенімхат арқылы ЖСН ала алады. Жеке сәйкестендіру нөмірі Қазақстан аумағында банктік операциялар жүргізу үшін, келісім-шарт жасау үшін керек.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи отырыңыз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров