Newscorr

Newscorr: Шаң сыпырып жүр ме, әлде құм ұшырып жүр ме?

Экспресс К

Видеодан кадр

Қарағанды қаласындағы коммуналдық қызмет өкілдері өз міндеттеріне салғырт қарайды. Көше тазалаушылар алдымен су шашудың орнына топырақты желмен ұшырып жібереді екен.

Келеңсіз оқиға шахтерлар қаласының орталығындағы "Назарбаев" көшесінде болған, деп хабарлайды Экспресс К.

Newscorr-дың тұрақты оқырманы жіберген видеода көше сыпырушы тракторлар артына будақтатып шаңды дауыл қалдырып барады. Ал қалған "жаяу әскер" олардың соңынан көше мен жүргіншілерге арналған жолға қоларбамен су шашып келеді.

Коммуналдық сала жұмысшыларының мынадай сорақы да салғырт тірлігі тұрғындардың ашуын туғызды. Жалақы алатын болған соң міндетіңді осылайша — қалай болса солай атқаруға бола ма, дейді олар.

Арасында әзіл-қалжыңға бұрушылар да бар. Олардың бірі бұл "Назарбаев көшесіндегі дауыл операциясы" деп жатыр.

Сіздер үшін Newscorr сервистік қызметі барлық тұрғындарға арнап азаматтық журналистиканың жаңа нұсқасын ұсынады. Мұнда кез-келген азамат бізге эксклюзивті фото немесе бейнежазбасын жіберіп, 100 мың теңге ге дейін табыс табуға толық мүмкіндігі бар.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров