Суицид

Алматыда үш баласымен 9-қабаттан секіріп өлген келіншектің ісіне нүкте қойылды

Олжас НҰРЖАҚЫП

Алматыдағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде 9-қабаттан перзенттерімен секіріп өлген келіншектің ісіне қатысты полиция соңғы ақпаратты айтты.

Яғни, аталған жайт қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылған, деп хабарлайды Экспресс К.

Алматыдағы Жетісу ықшам ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен 28 жастағы келіншек үш перзентімен секіріп өлгенін көпшілік ұмыта қойған жоқ. Артынша бұл жайтқа байланысты қылмыстық кодекстің 105 бабымен (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) тергеу жұмыстары басталған. Бес айға жуық тексерілген іске енді нүкте қойылып отыр.

Әуезов аудандық полиция басқармасымен аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 105-бабымен қылмыстық іс тіркелді. Нәтижесінде қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды,

— деді қалалық ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, қайғылы жағдай өткен жылдың қараша айында болған еді. 28 жастағы Бақтыгүл Қыдырбаева 2015, 2016 және 2019 жылы туған үш баласымен 9-қабаттан секіріп өлді. Кейін келіншектің мұндай қадамға отбасылық жанжалдан барғаны белгілі болды.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров