"Шағала" енді менің әнім". Қамалған Мұрат Әбділдәнің орнын басқан кім?


Видеодан кадр
Өзгенің ар-намысын таптағаны үшін 4 жыл 6 айға сотталған Мұрат Әбділдәнің бәсекелесі пайда болды. Ол қамаудан шыққанша Мұраттың хит әнін орындаймын дейді.
Қолына микрофон ұстаған жігіттің кім екені әзірге белгісіз, деп хабарлайды Экспресс К.
Танымал блогер Мұрат Әбділдәнің бәсекелесі пайда болды. Белгісіз жігіт қолына микрафон ұстап, әлеуметтік желіде желі қолданушыларына үндеу тастады.
Енді "Шағала" деген ән менікі. Мұрат Әбділдә жоқ. 4 жыл 6 ай "Шағала" менің әнім болады. Хабарласыңдар, тойға шығамын,
Оқи отырыңыз:
Мұраттың әнін "барымталап" алған жігіттің кім екені әзірге белгісіз. Оның мәлімдемесі желіде қызу талқыланып жатыр.
"Мұрат жоқ деме. Ол өлген жоқ. Мұрат келеді, жағыңды дайындай бер", "Тағыда бір жынды шықты десейші", "Байқа, бұл әнді айтқандар қуып кетеді бет-аузы қисаңдап", "Ит жоқ жерде шошқа үреді",
Экспресс К атышулы блогер туралы бұған дейін бірнеше материал жазды.
Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.
Бөлісу