Жер

Қызылордада жерге таласқан ақсақалдар бір-біріне жұдырық ала жүгірді

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

Видеодан кадр

Бір ауылдың ақсақалдары аудан әкімдігінің алдында жаға жыртысты.

Жалағаш ауданына қарасты Ақсу ауылында жерге талас бір жылдан бері бітіспес дауға айналған, деп хабарлайды Экспресс К.

Бүгін осы ауылдағы "Сәрке батыр" қожалығының егіншілері мен одан бөлініп шыққысы келген үлескерлер әкімдік алдында қырықпышақ болды. Даудың ушыққаны соншалық тіпті ауыл ақсақалдары екіге бөлініп төбелесіп қала жаздады.

"Сәрке батырдың" үлескерлерінің айтуынша, даудың басы аудан әкімінің заңсыз қаулысынан басталған. Әкім Асылбек Шәменовтың былтыр шығарған қаулысы бойынша ауыл тұрғындарына тиесілі жер үлесін екіге бөліп, бір бөлігін басқа қожалыққа беріп жіберген. Яғни ауылдағы 76 пайшы үлестерін алып, өз беттерімен егін екпекші болған. Бөлініп кеткісі келген тұрғындардың ұсынысын аудан басшысы қанағаттандырып, қаулы шығарып беріпті.

Бірақ қаулының заңсыз шығарылғаны сотпен дәлелденген. Алайда шенеуніктер сот шешімі шықса да, біздің егін егуімізге мүмкіндік бермей жатыр деп ашулы жиналғандар.

Аудан әкімі соттың шешіміне бағынбай жатыр. Біз апелляция береміз үйтеміз-бүйтеміз деп жатыр. Сөйтіп жүргенде биыл егінсіз қалады ел. Сот отырысы бір жылға созылып кетеді. Ал егін науқаны басталды. Біз дән себе алмай отырмыз,

— дейді "Сәрке батыр" шаруқожалығының төрағасы.

Ал қарсы тараптың үлескерлері өз әрекеттерін заңды деп есептейді. Олар ауылда бұрыннан келе жатқан қожалықтан түбі бөлініп шығамыз деп отыр.

Ауылға мүлде жағдай жасамайды. Қожалық қарыз болып бітті. Айлықты да дұрыс төлемей қойды. Сондықтан бізің бөлініп шыққымыз келеді,

— дейді бөлініп шыққысы келген үлескерлер.

Әкімдік алдында жүздеген адам жиналып, жанжал болып жатса да, аудан әкімі Асылбек Шәменов халық алдына келмеді. Ал әкімдікке қарасты бөлімнің басшысы соттың шешімімен келіспейміз деп отыр.

Аудан әкімінің қаулысын заңсыз деп таныпты. Бірақ оған біз келіспейміз. Өйткені жерді бөлу туралы хаттама заңға сай толтырылған. Соған сәйкес біз қаулы шығардық,

— дейді жауапты бөлімнің басшысы Бабаназар Байболов.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров