Президент

Алдағы сайлауда Қазақстан президенттігіне үміткерлер кімдер? - Саясаткер болжамы

Нұржан МЕРГЕНБАЙ

©ЭК/Валерий калиЕВ

Ұзақ жыл Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болған Ермұхамет Ертісбаев елімізде 2024 жылы өтуі тиіс президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаевқа кімдер бәсекелес болуы мүмкін екенін болжап көрді. Оның пайымдауынша, қазірдің өзінде 3-4 кандидат саяси додаға қызу дайындалып жүрген көрінеді.

Саясаткер өз ойын ЕртісбаевLive интернет арнасында бизнесмен Арманжан Байтасовпен болған сұхбат барысында айтып қалды, деп хабарлайды Экспресс К

ЕСКЕРТУ: Материалды редакцияның рұқсатынсыз көшіріп басуға тыйым салынады!

Ермұхамет Ертісбаев/Видеодан кадрЕрмұхамет Ертісбаев/Видеодан кадр
Ермұхамет Ертісбаев/Видеодан кадр

Ермұхамет Ертісбаевтың сөзінше, президенттікке кандидат атануы мүмкін бірден-бір адам — Болат Әбілов. Ертісбаев оның потенциалының таусылмағанын айтады. Әбілов сайлауға қатысатын болса, біраз дауыс жинауға қауқарлы. Алайда, сайлау науқанына қомақты қаражат керек. Ертісбаевтың пікірінше, егер де Әбілов өзіне демеушілер таба алса, онда ол басты үміткерлердің бірі ретінде тіркеледі.

"Келесі кандидат — Санжар Боқаев. Ертісбаев оның 40 жастан асқанын, танымалдығын және талапшылдығын атап өтті. Сондай-ақ, Боқаевтың бойында мақсатқа жетуге деген құлшыныс бар. Ал бұл саясатта өте қажетті қасиеттердің бірі болып саналады", — дейді саясаткер.

Ертісбаевтың есебінше, Қазақстан президенттігіне тағы бір үміткер Марғұлан Сейсембай болуы мүмкін. Бизнесмен әрқашан саясаттан тыс екенін қайталаудан жалықпайды. Алайда, Ертісбаев оның соңғы екі жылда қоғамдық-саяси мәселелерге көп көңіл бөліп, өз ойын ашық әрі батыл жеткізіп жүргенінде мән бар екенін айтады.

Президенттікке үміткерлер арасынан Ертісбаев Мұхтар Тайжанды ерекше атап өтті. Жуырда ғана партия құратынын мәлімдеген Тайжанның сайлауға түсетініне саясаткер толықтай сенімді. Ертісбаевтың пайымдауынша, осы төрт адам алдағы сайлауда өз бақтарын сынап көруі әбден мүмкін.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров