Елбасы

Назарбаевтың сыныптасы "Қазақстан халқына" қорынан көмек сұрап отыр

Ержан ШАЙЖАН

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Тұңғыш президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен бір сыныпта оқыған Күләш Әмірова “Қазақстан халқына” қорынан көмек сұрап отыр. 82 жастағы кейуана қаржыны тозығы жеткен үйінің жөндеу жұмыстарына жұмсамақ.

ЕСКЕРТУ: Материалды редакцияның рұқсатынсыз көшіріп басуға тыйым салынады!

Күләш Әмірова Нұрсұлтан Назарбаевпен Қаскелеңдегі мектеп-интернатта бірге оқыған, деп хабарлайды Экспресс К.

Күләш Әмірова/©ЭК/Андрей ХАЛИНКүләш Әмірова/©ЭК/Андрей ХАЛИН
Күләш Әмірова/©ЭК/Андрей ХАЛИН

Елбасының сыныптасы Күләш Әмірова Шамалған ауылында тұрады. 40 жыл ғұмырын ұстаздыққа арнаған жан Экспресс К тілшісіне хабарласып, өзіне көмек керек екенін жеткізді. Ол үйінің жөндеу жұмыстарына "Қазақстан халқына" қорынан ақша сұраған. Бірақ жолдаған өтінішіне әзірге жауап келмепті.

"Қордан ақша сұрап екі рет хат жаздым. Екеуіне де жауап келген жоқ. Үйдің едені былқ-сылқ етіп ойнап тұр, ауланы да ретке келтіру керек болып тұр. Қазір құрылыс материалдарының бәрі қымбаттады ғой. Мен 15 миллион теңге сұрадым. Бірақ сол күйі жауап жоқ. Мүмкін алдағы уақытта осы сұрақпен Нұр-Сұлтанға баратын шығармын. Осы көмекті біз секілді қарттарға бермегенде, кімге береді?! Жасымыз келген адамбыз. Несие бермейді бізге. Үйім құлайын деп тұр. Мен өлгенде сол үйден шығуым керек қой. Қанша өмірім қалды дейсің?! Ал жергілікті әкімдіктегілерден қайран жоқ", — дейді Күләш Әмірова.

Күләш Әмірова/©ЭК/Андрей ХАЛИНКүләш Әмірова/©ЭК/Андрей ХАЛИН
Күләш Әмірова/©ЭК/Андрей ХАЛИН

Экспресс К бұған дейін Елбасының сыныптасынан эксклюзивті сұхбат алған болатын.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров