Суицид

Қостанайлық азамат әйелді суицидтен құтқарып қалды

Дос ҚҰРМАШҰЛЫ

ПД баспасөз қызметі

Әйел көпірден секіріп кетпек болған.

Адам өміріне араша түскен қостанайлықтың ерлік ісі туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімет берді, деп хабарлайды Экспресс К.

Бүгін сағат 11.20-да Дамир Жүсіпбеков өз-өзіне қол жұмсамақ болған әйелді өлімнен аман алып қалды.

КЖБИ шағын ауданында Тобыл өзені жағалауымен кетіп бара жатып, көпір ернеуіне шығып секіргелі тұрған әйелді көзім шалды. Дереу қасына барып, оны тілге тартып, сабырға шақырып, қауіпсіз жерге шығуына көмектесіп жібердім,

— дейді Дамир.

Ол осы жағдай туралы бірден "102" пультіне хабарлаған.

2 минуттан кейін оқиға орнына авобақылау қызметкерлері барды. Қостанайлық 44 жастағы әйел күйеуімен ажырасқан соң өмірімен қош айтыспақ болған,

— дейді облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.

Полицияның айтуынша, Дамир Жүсіпбеков азаматтық ізгі ісі үшін марапатталады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров