Банк

Қазақстанда жабылып қалған 9 банктің салымшыларына ескерту жасалды

Олжас НҰРЖАҚЫП

facebook

Елімізде лицензиясынан айырылған 9 банктің салымшыларына өз қаражаттарын шешіп алу үшін соңғы мерзім бекітілді.

Бұл туралы депозиттерге кепілдік беру қорының ресми сайтында жазды, деп хабарлайды Экспресс К.

Елімізде жабылып қалған 9 банктің салымшыларына қатысты ақпаратты Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының Төрағасы Әділ Өтембаев айтып берген. Оның сөзіне сүйенсек, белгіленген мерзімге дейін салымшылар өз қаржыларын алып үлгермесе, ол ақша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылмақ.

"Таратылатын 9 банктің 8-і бойынша төлемдерді 1 мамырға дейін алуға болады. Ол "Валют-Транзит Банк" АҚ, "Қазинвестбанк" АҚ, "Эксимбанк Қазақстан" АҚ, "Delta Bank" АҚ, "Qazaq Banki" АҚ, "Астана Банкі" АҚ, "Tengri Bank" АҚ және "AsiaCredit Bank" банктері. Ал "Capital Bank Kazakhstan" АҚ лицензиясынан кейінірек айырылғандықтан ол бойынша төлем мерзімі басқа. Салымшылар 2022 жылдың 3 шілдесіне дейін өз қаржыларын ала алады", — дейді Әділ Өтембаев.

Сондай-ақ ол көрсетілген күнге дейін өтем сомаларын алып үлгермеген салымшылардың ақшасы төлем мерзімі аяқталған соң жеке зейнетақы шоттарына ерікті зейнетақы жарнасы ретінде аударылатынына да тоқталды. Егер бірыңғай зейнетақы қорында жеке шоты болмаса автоматты түрде ашылатынын, ол үшін арнайы қорға барып шот аштыруға әрекеттенудің қажеті жоқ екенін де түсіндірді. Және әлі күнге аталған банктерде ақшасы бар салымшылар көрсетілген күнге дейін кепілдік берілген өтемді алуға Қорға немесе агент банкке өтініш жазуға болатынын ескертті.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров