Шоу-бизнес

"Оттай бермеші!" Оқырмандарға ақыл айтқан Айнұр Тұрсынбаева оңбай сөз естіді

Серікқазы АЯЗБАЕВ

tiktok.com/@aidyn_nury_resmi

Әлеуметтік желіде тегін мотивация беретін Айнұр Тұрсынбаева кезекті тікелей эфирдің бірінде оқырмандардың ашуын тудырды.

Танымал айтыскер ақын бұл жолы "әйеліне ақша ұстатпайтын еркектер" туралы тақырып қозғаған, деп хабарлайды Экспресс К

ЕСКЕРТУ: Материалды редакцияның рұқсатынсыз көшіріп басуға тыйым салынады!

Бүгінде дау тудырған видеоның үзіндісі ғаламторға тарап үлгерген. Тұрсынбаева тікелей эфир кезінде әйелдерге тап беріп, олардың өзін айыптаған.

"Үйдегі тізесі шығып кеткен гамажды 12 жыл киіп жүресіз. Әрине, күйеуің ақша бермейді. Себебі, бір киген гамажыңды 20 жыл киіп жүре беретініңді беске біліп алған адам. Әйелдер өзіне көп ақша салған кезде, ақша таппайтын еркек оларға жоламайды. "Ондай ақша қайда? Жоқ қой" — деп өзіңізден аяп отыра беретін болсаңыз, еркек те ақшасын сізден үнемдейді", — деді Айнұр Тұрсынбаева.

Айнұрдың бұл пікірі әлеуметтік желі қолданушыларының қатты қытығына тиген көрінеді. Олар да қарап қалған жоқ. Соңында Instagram арқылы ақыл айтқан ақын оқырмандардан оңбай сөз естіді.

"Отырып алып оттамашы", "Кім 20 жыл киеді екен бір гамажды? Керемет болсаң сенен байың кетпейтін еді", "Ақша таппайтын еркек жоламайды, дейді. Сендер сияқты қырық байға тиіп жатқан жоқпыз", "Инстаны сасытпашы, Айнұр", "Мынауың отырып алып оттай бермесінші", "Сандырақтаған қатын екенсің", "Оттай береді екен бұл да", — деп Айнұрды желідегілер жерден алып, жерге салды.

Айта кетейік, интернетті шулатқан бейнетаспа insta_zhuldyzdar_kz парақшасында қызу талқылануда.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров