Дикий Арман

"Әбден сағыныпты". "Дикий" Арман анасымен қауышты

Ержан ШАЙЖАН

Видеодан кадр

Қаңтардағы қақтығысты ұйымдастырды деп қаумаға алынған Арман Жұмагелдиев анасымен қауышты. Бейнежазбада "Дикийдің" анасы ұлын құшақтап, өбектеп сүйіп жатыр.

Бейнежазбаның қашан, қайда түсірілгені әзірге белгісіз, деп хабарлайды Экспресс К.

Арман мен оның анасының видеосы ғаламторда қызу талқыланып жатыр. Онда Жұмагелдиевті мамасы қайта-қайта құшақтап, шашынан сипап, бетінен сүйіп жатыр.

Ал Арман болса еркелеп, мәз болып отыр. Желі қолданушылары бейнежазбаға қатысты түрлі пікір қалдырды.

"Жақсы болған екен! Ол қандай болса да, анаға сол бала күйінде қалады", "Қандай бақытты жансың, Дикий Арман", "Әбден сағынып қалыпты ғой",

— деп жазды желі қолданушылары.

Алматыдағы қақтығыс ұйымдастырды деп қамауға алынған Арман Жұмагелдиев туралы Экспресс К бірнеше материал жазды.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров