Қыздарға іш киімсіз жүріңдер деп кеңес берген блогер 4 рет тұрмысқа шықты


instagram.com/ainurnurseit
Танымал блогер, кәсіпкер Айнұр Нұрсейіт бүгін тағы тұрмысқа шықты. Бұл оның төртінші некесі.
Атышулы блогер осыдан үш жыл бұрын үшінші күйеуімен дәм-тұзы жараспай ажырасқан, деп хабарлайды Экспресс К.
Айнұрдың алдыңғы некелерінен бір ұл, бір қызы бар. Блогер өзінің күйеуге шыққанын Instagram-дағы парақшасында мақтанып жазды. Сонымен қатар ол көпшілікке жұбайы тарту еткен әдемі шоқ гүлдерін көрсетті.


Оқи отырыңыз:
Бүгін ресми түрде некеміз қиылды,


Блогердің қуанышты жаңалығын естіген желі қолданушылары оған жылы лебіздерін білдіріп, тілектерін жолдап жатыр.
"Бақытты болыңыз", "Өзіңізге лайықты адам екеніне сенеміз", "Қандай керемет жаңалық",
Алайда блогер кімге түрмысқа шыққанын ашып айтпады.
Экспресс К бұған дейін атышулы блогер өзіне сенімді қыздарға іш киімсіз жүруге кеңес бергенін жазды. Айнұрдың желіге жазған бұл пікірін белгілі әнші, актриса Әсел Сәдуақасова қолдап еді.
Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.
Бөлісу