Жұлдыз Әбдукәрімова

"...Суығыңызға куәмін". Енесінің туған күніне бармаған Жұлдыз бәрін айтып салды

Кәмшат ҚОПАЕВА

instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдукәрімова енесі Гүлзира Айдарбекованы туған күнімен құттықтап, жұртшылықты таңғалдырды.

Бұл туралы актриса өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады, деп хабарлайды Экспресс К.

Жұлдыз парақшасына енесі Гүлзира екеуі түскен суретті жүктеп, астына жүрек-жарды лебізін жазған.

instagram.com/gulziraaidarbekovainstagram.com/gulziraaidarbekova
instagram.com/gulziraaidarbekova

"Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді" деген. Сыры да, сыны да кетпей, жыл өткен сайын жасарып келе жатқан Гүлзира Айдарбекова туған күніңізбен! 17 жасымнан бастап сіз көрген ыстығыңыз бен суығыңызға куәмін. Енді бейнетіңіздің зейнетін көріңіз,

— деп жазған Жұлдыз.

Сондай-ақ "Әулеттің Әз анасы болып, немерелеріңіздің ортасында әдемі қартаюды жазсын" деп тілек білдірген.

Соңғы уақытта парақшасына енесінің суретін салмай кеткен Жұлдыздың бұл қадамын, әлеуметтік желі қолданушылары қызу талқылады. Көпшілігі екеуін ұқсатып, түрлі пікір білдірген.

Бірі "Жұлдыз жарайсың! Мықты келінсің!" десе, енді бірі "Көптен күткен құттықтау", "Достасып дұрыс болыпты" деп жазыпты. Ал біреулері "Анамдай болып кеттіңіз деп жазбадыңыз ба?" деп ақыл айтса, бірі "Салқын құттықтау", "17 жыл бірге түрсаң да мама деп айтуға жарамай отырсың ғой" деп реніш білдірген. Дегенмен Жұлдыздың бұл әрекетін жұртшылық жылы қабылдады.

Бұған дейін Экспресс К Қайрат Нұртастың анасының туған күнінде өзге арумен көзге түскенін жазған еді.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров