Талғарда кәсіпкердің жеріне мола салынады


Әлеуметтік желіден
Алматы облысы Талғар қаласында кәсіпкердің жеріне мола салынатын болды.
Осыған дейін осы жер үшін ауыл тұрғындары мен кәсіпкердің арасында келіспеушілік болған еді, деп хабарлайды Экспресс К.
Талғар ауданы Қарабұлақ аулының тұрғыны қорым аумағын үлкейту үшін бірнеше рет әкімдікке өтініш түсірген. Алайда қорым маңында жеке кәсіпкердің жері болды. Кәсіпкер төрт гектар жерін мола салуға бергісі келмей, өткен жылдың шілдесінен бастап кәсіпкер мен ауыл тұрғындарының арасында келіспеушілік болды.
Оқи отырыңыз:
— Енді кәсіпкер жерін беруге келісті. Мемлекеттік акт дайын. Қарабұлақ аулының тұрғындары қорым мәселесін ойламаса да болады, — деді Талғар аудандық әкімдігіндегілер.
Сондай-ақ тағы бір жеке кәсіпкер өзінің 11 гектар жерін осы ауыл тұрғындарына қорым салуғу тегін берді.
Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.
Бөлісу