Сеулден келген кәріс жігіт Қазақстанды аралау үшін қазақ тілін үйреніп алған

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Видеодан кадр

Оңтүстік Кореядан келген турист жігіт судай қазақшасымен көпті таң қалдырды. Шет ел азаматы Қазақстанды Орталық Азиядағы ең бай мемлекет ретінде білетінін атап өтеді.

Өзін Сан Гок деп таныстырған жігіт өзіне қазақша есім де қойып алыпты, деп хабарлайды Экспресс К.

Кәріс жігіті Қызылорда облысына келген. Оны жергілікті тұрғын байқап қалып, қазақшасына таң қалады. Қызылордалық кәріс жігітін видеоға түсіріп алған.

"Кореяның нағыз кәрісі. Қазақ тілін арнайы үйреніп, Қазақстан жерлерін көруге келдім дейді. Бұл кісіге дария қызық екен",-дейді видео авторы.

Осы сәтте шет ел азаматының қазақстандықпен мұсылманша сәлемдескенін байқауға болады.

"Ассалаумағалейкум! Есімім — Сан Гок. Қазақша атым — Берік. Қазақстанның табиғаты ұнайды, тарихи жерлері күшті, кең дала", — дейді Оңтүстік Корея азаматы.

Осыдан соң Қызылорда тұрғыны желі қолданушылары арасында күмән тудырмас үшін кәріс жігітінен төлқұжатын көрсетуін сұрайды. Ол отандасымыздың өтінішін екі етпей орындайды.

Сеулден келген Сан Гок Қазақстанды Орталық Азиядағы ең бай мемлекеттердің бірі деп білетінін, енді Батыс Қазақстан өңіріне баруды жоспарлап отырғанын айтады.

Кәріс жігітінің қазақша еркін сөйлеген видеосын көрген желідегілер шет ел азаматының бұл құрметіне риза болды.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров