Қазақтелеком

"Қазақтелеком" компаниясының 28,8 пайызы мемлекетке қайтарылды

Аян АМАНГЕЛДІҰЛЫ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

"Қазақтелеком" акцияларының 28,8 пайызы мемлекеттік меншікке қайтарылды.

Үкімет "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Экспресс К.

Сыйға тарту шарты бойынша "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының жарғылық капиталының 24,95 пайызына тең 2 671 481 жай акциясын республикалық меншікке беру туралы Skyline Investment Company S.A. жеке компаниясының ұсынысы қабылдансын,

— делінген қаулыда.

Сондай-ақ "Alatau Capital Investment" ЖШС сыйға тарту шарты бойынша қоғамның жарғылық капиталының 3,85 пайызы болатын 413412 жай акциясын республикалық меншікке береді. Ашық деректерге қарағанда бұл екі компания жақында ұсталған Қайрат Сатыбалдының меншігінде.

Біз бұған дейін Қайрат Сатыбалдының темір жолға байланысты былықтары туралы жазған едік.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров