Newscorr

Newscorr: Семейлік студенттер оқу ғимаратының сатылуына қарсы шықты

Экспресс К

Видеодан кадр

Семейдегі Геодезия және картография колледжінің студенттері наразылық акциясын ұйымдастырды. Олар оқу ғимаратының сатылуына қарсы.

Студенттер мен педагогтар колледжге тиесілі оқу ғимараты жекенің меншігіне өтіп кетуі мүмкін екенін айтып дабыл қағып жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Newscorr-ға жолданған бейнежазбада студент-жастар оқу ғимаратының алдына жиналып биліккке өз талаптарын қойып жатыр.

Аталған колледждің іргесі 1946 жылы қаланған. Осы сала бойынша республикамыздағы ең алғашқы кәсіби білім беру орындарының бірі. Ал студенттер мен педагогтар жанын сала қорғап жатқан ғимарат та тек аудиториялар ғана емес, арнайы жабдықталған заманауи зертханалар да бар.

Бейнежазба авторының айтуынша бұл ғимаратқа жергілікті әкімдік көз салған. Олар бұл нысанды жаңадан құрылатын облыстың мекемелеріне әкімшілік ғимарат бермек болған көрінеді.

Қазір анықталғандай нарызылық акциясын ұйымдастырған студенттер мен педагогтер әкімдікке кездесуге кеткен.

Сіздер үшін Newscorr сервистік қызметі барлық тұрғындарға арнап азаматтық журналистиканың жаңа нұсқасын ұсынады. Мұнда кез-келген азамат бізге эксклюзивті фото немесе бейнежазбасын жіберіп, 100 мың теңге ге дейін табыс табуға толық мүмкіндігі бар.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров