Ұрлық

Мешітке құлшылық етуге келгендердің қалтасын қаққан баукеспе қолға түсті

Экспресс К

ПД баспасөз қызметі

Алматы облысы Талғар ауданында мешітке құлшылық жасауға келгендердің қалтасын қағып жүрген ұры ұсталды.

Күдіктінің 16 іске қатысы бары дәлелденген, деп хабарлайды Экспресс К.

Polisia.kz медиа-порталының мәліметіне сүйенсек, күдікті күнде кешке намаз уақытында мешітке келіп, өзінің арам пиғылын жасап отырған. Талғар ауданындағы бірнеше ауыл тұрғындары құнды заттарының қолды болғанын айтып, полицияға жаппай арызданады. Жедел тексеру барысында күдіктінің бейнебақылау камерасына түсіп қалғаны анықталған. Нәтижесінде Алматы облысының 25 жастағы тұрғыны ұсталды.

"Құлшылық уақытын пайдаланып, күдікті азаматтардың құнды заттарын, ақшасын, ұялы телефонын ұрлап отырған. Тіпті мешіт маңындағы көліктеріне де түскені белгілі болды. Арнайы балғамен автомобиль әйнегін сындырып, арам пиғылын іске асырған. Жедел іздестіру барысында Есік қаласының 25 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол бұған дейін де осындай әрекетімен сотты болған. Қазір тергеу амалдары жалғасуда", — деді Талғар аудандық ПБ басшысы Андрей Бурьянский.

Күдікті уақытша қамау изоляторында. Қылмыстық іс материалдарында заттай дәлелдемелер ретінде тәркіленген бейнежазбалар, ұрланған телефондар және қылмыс құралдары бар.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров