Президент

Винокуров Тоқаевқа веложейдесін сыйға тартты

Бек ТӨЛЕУОВ

ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Ақордада Astana Qazaqstan Team велокомандасының бас менеджері, Қазақстан велоспорт федерациясының вице-президенті Александр Винокуровты қабылдады.

Олимпиада чемпионы Президентке Astana Qazaqstan Team велокомандасының соңғы жетістіктері мен алдағы жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

ҚР Президентінің баспасөз қызметіҚР Президентінің баспасөз қызметі
ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі велоспорттың дамуы жөнінде, бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын қолдау, соның ішінде еліміздің түрлі қалаларында велосипед тебудің экстремальді түрімен айналысатын спортшылар мен әуесқойлар үшін ВМХ парктерін салу және Алматыдағы велотректі жаңғырту жайында мәлімет берілді.

Мемлекет басшысы велокоманданың алдағы кезеңге арналған жоспарын қолдап, Astana Qazaqstan Team Қазақстанның халықаралық аренадағы спорттық бренді екенін ерекше атап өтті.

Кездесу соңында Александр Винокуров Қасым-Жомарт Тоқаевқа Astana Qazaqstan Team клубының жейдесін естелікке сыйға тартты.

Бұған дейін Александр Винокуровтың айына 70 мың еуро жалақы алатынын жазғанбыз.

Айта кетейік, былтыр Александр Винокуровты қызметінен алып тастап, арада бірнеше ай өткенде қайта шақырған болатын.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров