Президент

Биыл Жамбыл облысындағы 17 ауылға газ тартылмақ

Экспресс К

ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовті қабылдады.

Жамбыл облысының басшысы Тоқаевқа биылғы үш айдағы өңірдің даму көрсеткіштері мен Президент тапсырмаларының орындалу барысы және алдағы жоспары туралы баяндады, деп хабарлайды Экспресс К Ақордаға сілтеме жасап.

Нұржан Нұржігітов өңірге тартылған инвестиция көлемі 63,1 миллиард теңгеге жеткенін айтты. Сонымен қатар, биыл өңірде құны 100,5 миллиард теңге болатын 15 инвестициялық жоба іске асырылып, 1000-нан астам жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. 2025 жылға дейін 75 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ.

2022 жылы Жамбыл облысында 810 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, 25 елді мекенге ауызсу, 17 ауылға газ тартылады. Өңірдегі егіс алқабы 9,2 мың гектарға ұлғайтылып, ауыл шаруашылығы техникасы 11%-ға жаңартылады,

— дейді облыс әкімі.

Сондай-ақ, өңір басшысы Президентке Гвардейск ауылындағы Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының базасында отандық иммундық препараттар шығаратын зауыттың жұмысы, "BSL-3" өндірістік цехының құрылысы туралы баяндады.

Мемлекет басшысы бағаны бақылауда ұстау, халықтың табысын арттыру, инвестиция тарту және мемлекеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру жұмыстарын жандандыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров