Атыс
Нью-Йорк метросындағы атыс: Жараланғандар бар


©AP/John MINCHILLO
Жергілікті тәртіп сақшыларының мәліметінше, атыс кезінде 13 адам жараланды.
Бруклин маңындағы Нью-Йорк метросында атыс болып, кем дегенде 13 адам зардап шекті, деп хабарлайды Экспресс К The New York Times басылымына сілтеме жасап.
Оқ атқан адамның газтұтқыш пен құрылыс жұмысшысының қызғылт сары киімде екені анықталды. Полиция күдіктіні іздестіріп жатыр.
- Оқи отырыңыз:
- Талдықорғанда автотұраққа қойылған көлік өртеніп кетті
Басылымның мәліметінше, оқыс оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 08:30 шамасында болған. Станция ішін қою түтінге оранды.


©AP/John MINCHILLO
Оқиға орнына саперлер тобы жіберілді. Полиция мән-жайды анықтап жатыр.
Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.
Бөлісу