Отшашу шашып жүрген ұшақ Шымкент тұрғындарының зәресін алды


ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Шымкенттегі Қазығұрт ықшамауданының тұрғындары сағат 19:55 шамасында аспаннан ұшақтың белгісіз нәрсе шашып жүргенін байқады.
Бейнежазба Экспресс К порталының Newscorr қызметіне келіп түсті.
Оқи отырыңыз:
Бейнежазбаға қатысты ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.
Қазақстан Әскери-әуе күштерінің Су-25 ұшағы Шымкент қаласында "Батыс тойтарыс — 2022" кешенді ведомствоаралық стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығу жұмыстарын өткізіп жатыр,
Оқу-жаттығу ұшу дағдыларын жетілдіру және экипажды дайындау мақсатында ұйымдастырылды. Жаттығу жұмыстары әртүрлі биіктікте, күндіз және түнгі уақытта өтеді.
"Батыл Тойтарыс — 2022" оқу-жаттығуы биыл жылдың 16 сәуіріне дейін жалғасады.
Сіздер үшін! Newscorr сервистік қызметі барлық тұрғындарға азаматтық журналистиканың жаңа нұсқасын ұсынады. Мұнда кез-келген азаматтың бізге эксклюзивті фото немесе бейнежазбасын жіберіп, 100 мың теңгеге дейін табыс табуға толық мүмкіндігі бар.
Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи отырыңыз.
Бөлісу