Newscorr: Петропавлда саяжайлар өртенді


Видеодан кадр
Заречный ықшамауданында саяжайлар өртеніп жатыр. Құтқарушылар бірнеше саяжай тұрғынын өрттен алып шықты.
Қызыл жалынды сөндіру үшін бес сағаттан артық уақыт кетті, деп хабарлайды Экспресс К.
Бейнежазба Экспресс К порталының Newscorr қызметіне келіп түсті.
Ескерту: бейнеде бейпіл сөздер кездеседі!
Заречный ықшамауданында түс ауа шабындық шөп өртеніп, қатты жел салдарынан өрт тез таралды. Екі саяжай аумағындағы шөптен шыққан өрт Кировец 3, Весна, Строитель, Жемчужина сайжайларының аумағына өтіп кетті.
Зақымдалған саяжайлар саны анықталып жатыр. Өрт кезінде зардап шеккендер жоқ. Жалын 10 шаршы метр аумақты қамтыды,
Өрт сөндірушілер әлі де қызыл жалынмен арпалысып жатыр. Саяжай тұрғындары жерлерінің қаншалықты зақымданғанын білмей дал. Оқиға орынында болғандар өртті сөндіруге жан-жақты атсалысты.
Ата-анам өрт ішінде қалды. Оларды оттың ортасынан алып шыққан екі өрт сөндірушіге алғысымды білдіремін,
Петропавлдың Қопай ауданында қамыс өртеніп, өрт тұрғын үйге тиген. Әзірге расталмаған мәліметтерге сәйкес, адамдарды үйден эвакуациялап жатыр.
Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.
Бөлісу